0 0 |  0г. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің Ш. Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы дайындаған. Мемлекеттік тілдің бірыңғай стандартты әліпбиінің НЕГІЗДЕМЕСІ
Всего проссмотров: {readcount}

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы қоғамдық сананы жаңғыртудың бәсекелік қабілет, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы деген сияқты жаңашыл бағыттарды айқындады. Латын жазуы негізінде әліпби қабылдау осы төрт бағытты жүзеге асыруды толық қамтамасыз етеді. Біріншіден, қазақ тілінің бәсекеге қабілеттілігін арттырады, осының аясында тіліміздің табиғатына сай жазу реформасы жүргізіледі. Екіншіден, ұлттың сана-сезімін, ойлау жүйесін, әлемге көзқарасын қалыптастыратын және оның күнделікті қарым-қатынас құралы тіл арқылы қоғамдық санадағы прагматизмді күшейтеді. Себебі қазіргі кезде латын жазуы жаһанданудың барлық қарқынды дамуын қамтамасыз етуге бейім әліпби екенін іс жүзінде дәлелдеді. Прагматизмнің негізгі мәні іс, ісшілдік екенін байыптасақ, онда бұл – нағыз іскери әліпби. Үшіншіден, ұлттық бірегейлікті сақтауда латын жазуы мемлекеттік тілдің стандартты әліпбиі бола отырып, барлық қазақстандықтарды біріктіреді. Сонымен қатар, әлемнің әр түкпірінде тұратын қазақтардың ортақ әліпбиіне айналады. Төртіншіден, сарапшылардың айтуынша, қазіргі әлемдік ақпараттың 70 пайыздан астамы және жаңа замандағы білім мен ғылымның басым бөлігі осы латын әліпбиі негізінде тарайды. Сондықтан мемлекеттік тілдің латын жазуына көшуі елімізде білімнің салтанат құруына негізгі алғышарт қалыптастырады.

Классикалық латын әліпбиін кейбір тілдердің фонетикалық жүйелеріне бейімдеу кезінде таңбалауға сәйкес латын әріптері жоқ дыбыстар үшін таңбалау мәселесі туындайды. Сондай жағдайда әліпби қатарына не жаңадан таңба қосу керек болады немесе әліпбидің қатарында бар таңбалардың қосындысынан әріп шығару керек болады. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне тән төл дыбыстарымызды берудің ең тиімді тәсілі – дәйекші арқылы таңбалау. Дәйекші (апостроф) – әріптің оң жақ жоғарғы тұсына берілетін үтір немесе штрих түріндегі орфографиялық әмбебап белгі. Бұл – жеке әріп емес, әріпті толықтыратын арнайы белгі. Дыбыстарды дәйекшімен таңбалау жүйесі – сонау Ахмет Байтұрсынұлының дәуірінен бері

келе жатқан дәстүр жалғастығы. Ахмет Байтұрсынұлы әдісімен, қазіргі қазақ әліпбиінің латында жоқ әріптерін жазылуы да дыбысталуы да ұқсас латын әріптерінің оң жақ тұсына дәйекші (’) белгісін қойып таңбалауды ұсынамыз.

 

Әліпбидің классикалық латын әліпбиіне сәйкес таңбалары

Қазақ тіліне икемделіп жасалған мемлекеттік тілдің бірыңғай стандартты әліпбиінде классикалық латын әліпбиінің 23 таңбасы алынды. Қазақ тіліне тән төл дыбыстар дәйекші қою арқылы берілді. Әліпбиде көрсетілген латын таңбаларына жекелей сипаттама жасалды.

Аа [эй] таңбасы қазақ тіліндегі «а» дыбысын береді. Бұл принцип халықаралық тәжірибеде қалыптасып, бүгінгі күні әрбір тілге сіңіп кеткен.

Бb [би] таңбасы «бы» дыбысын, Dd [ди] таңбасы «ды» дыбысын, Ee [и] таңбасы «е» дыбысын, Ff [эф] таңбасы «фы» дыбысын, Gg [гэ] таңбасы «гі» дыбысын береді. Бұл таңбалардың да таңдалынып алынуының басты себебі халықаралық тәжірибеде қолданыста бар дыбыстарға сәйкестендірілуі және адаптациялануы болып табылады.

Hh [ха/аш] таңбасы фарингаль (көмей) «Һа» фонемасын және артикуляциялық тұрғыдан тіл арты дауыссызы «хы» фонемасын береді. H латын таңбасын х дыбысының орнына қолдану қазіргі тәжірибеде бар. Мәселен, Halyk bank (халық), hacker (хакер), hockey (хоккей) және т.б.

Ii [і/и/ай] таңбасы қазақ тілінің латын графикасында дауысты жіңішке «і» дыбысын береді. Бұл таңба да қолданысқа еніп, көпшілікке танымал болғандықтан, бүгінде латын әліпбиімен жазу барысында үнемі қолданылып, көздағдысы қалыптасып үлгерді.

J – жы, k – кі, l – ыл, m – мы, n – ны, о – о, p – пы, r – ыр, s – сы, t – ты, v – вы, z -зы таңбалары бүгінде қолданылып жүрген негізгі дыбыстық принциптен айныған жоқ.

Qq таңбасы мемлекеттік тілдің бірыңғай стандартты әліпбиі жобасында «қы» дыбысын берді. Бұл таңбаның қолданылуының өзіндік себептері бар. Фонетикадағы жасалым (артикуляция), айтылым (акустика) және естілім (перцепция) тұрғысынан қ мен q бір-біріне жақын айтылады, тілшік пен тіл арты арқылы жасалады. Яғни екеуінің айтылуы мен жасалуы бір-біріне сәйкес келеді. Және жазылу барысында да ұқсастық бар. Ахмет Байтұрсынұлы әліпбиінде де қолданыс тапқан.

Uu таңбасы «ұ» дыбысын таңбалайды. Фонетика саласында еріндік ұ, у дыбыстары бір-біріне жақын айтылады. Яғни артикуляциялық тұрғыдан жасалу жолы мен орны сәйкес келеді. Бүгінде «ұ» дыбысының латындағы u таңбасымен берілуі қолданыста бар.

Yy таңбасы «ы» дыбысын таңбалайды. Бұл таңбаның берілуі халықаралық қолданыстағы тәжірибеге сүйеніп алынды. Мәселен, Almaty, Halyk bank, Bala dauysy және т.б.

 

A’a’, O’o’, U’u’ дауысты дыбыстары

Ахмет Байтұрсынұлы: «дауысты дыбыстарымыз: а, о, ұ, ы- лардың жіңішке айтылуы үшін алатұғын белгіміз мына «’» – деп дәйекшіні көрсетеді. Қазақ тілінде 9 дауысты дыбыс бар, олар: а, ә, о, ө, ұ, ү, е, ы және і. Осы дыбыстар іштей бір-бірімен а-ә, о-ө, ұ-ү, ы-і жұп құрайды. Ал е дыбысы бұл халықаралық фонетикалық әліпбиге ортақ таңба болғандықтан, ол сыңарсыз қолданылады. Жоғарыда келтірілген Ахаңның негіздемесіне сәйкес жуан дауысты дыбыстардың жіңішке сыңарларын көрсету үшін оларға дәйекшіні жалғаймыз. А, о, ұ жуан дауысты дыбыстарына дәйекші белгісін қойсақ, олар жіңішке ә, ө, ү дыбыстарын береді. Яғни, а – а’, o – o’, u – u’ болып таңбаланады. Бұл жіңішке дауысты дыбыстар көбінесе түбір сөздердің алғашқы буынында ғана кездеседі. Мысалы, a’lem, a’je, A’sel, o’mіr, o’ner, u’lken, u’mіt, o`nege, o`rkendey’, o’rkeni’et.

 

G’g’, N’n’, Y’y’, S’ s’, C’c’ дауыссыз дыбыстары

Жаңа әліпби қатарында дәйекші арқылы 5 дауыссыз дыбыс таңбаланды. А.Байтұрсынұлы: «Дауысты дыбыстарға дауыссыз дыбыстар бағынбақшы. Яғни дауысты дыбыстар жуан айтылса – олардың қатарындағы дауыссыз дыбыстар да жуан айтылмақшы; дауысты дыбыстар жіңішке айтылса – дауыссыз дыбыстар да жіңішке айтылмақшы» – деген. Демек дауыссыз дыбыстардың жуан я жіңішке болуы дауысты дыбыстардың ықпалына байланысты болғаны. Жаңа әліпбидің қатарында дауыссыз дыбыстардың керісінше жіңішке нұсқасы тұр. Олардың жуан нұсқасын шығару үшін дәйекші қоямыз. Яғни г, н дыбыстарының жуан нұсқасы – ғ, ң дыбыстары. Ал олардың латын қарпіндегі көрінісі: G - G’, N - N’. Бұл дыбыстар да бір-бірімен іштей жұп құрайтын сыңарлы дыбыстар. Мысалы, g’alam, g’ylym, bag’a, jan’g’yry’, en’bek, ten’ge.

Y’ таңбасы жобада қолданыстағы «У» дыбысын береді. Түркітілдес халықтардың әліпбиінде у дыбысы «Ү» таңбасымен берілсе, ал негізгі халықаралық фонетикалық әліпбиде бұл дыбыс «U» таңбасымен көрсетілген. Ал кейбір ғалымдар, ІТ мамандар у дыбысының табиғаты латынның «W» дыбысының табиғатына сәйкес келеді деп болжайды. Бірақ бұл дыбысты у дыбысы ретінде қабылдау әліпбиге тез дағдыланып кетуге кері әсер етеді. Ал түркітілдес халықтардың дыбыстарды таңбалаудағы ретін сақтайын десек,

біздің жобада латынның «Ү» дыбысын «ы» дыбысына беріп отырмыз. Сонымен у мен ы дыбысын бір-бірінен ажырату үшін дәйекшіні қолданамыз. Сонда у дыбысының жаңа әліпбидегі көрінісі «Y’y’» мынадай түрде болады. Бұл дыбысты дәйекші арқылы таңбалағаннан жазу жүйесіне ешқандай нұқсан келмейді. Мысалы: y’aqyt, y’a’de, tay’, Ray’shan т.б.

S’ – Қазақ тілінде с дыбысы мен ш дыбысының өзіндік ұқсастықтары бар. Айтылу артикуляциясына байланысты С дыбысының латын әліпбиіндегі S таңбасына дәйекші белгіні қою арқылы «Шы» дыбысының таңбасын жасадық. Бұл әліпби түзуде ұстанған принциптерге сай келеді. Сонымен қатар, Sh қостаңбасы арқылы таңбалау қиындығын жеңілдете түседі. Ол қиындық ш дыбысы бірнеше рет кездесетін сөздерден көрініс тапты.

C’ – кирилл әліпбиіндегі ч әрпінің таңбасы. Бұл дыбыс кірме дыбыстар қатарына жатқанымен, оны диграфтар қатарына қосуды жөн көрдік. Себебі 2012 жылы ҚР Үкіметі жанындағы Республикалық терминологиялық комиссиясы мақұлдаған орфографиялық сөздікте ч әрпінен басталатын 18 сөз бар. Олардың әрқайсысы септеліп, көптеліп, жіктеледі. Сөз арасында кездесетіндері тағы бар. Сол себепті әліпбиге ч әрпін қосып, оны дәйекші арқылы таңбаладық.

Жоғарыда көрсетілген таңбалар жаңа әліпбидің қатарынан орын алған ерекше дыбыстар деп айтсақ болады. Дыбыстарды дәйекшімен таңбалауда, біз, ең алдымен, қазақ тілінің дыбыстық ерекшелігін көрсетіп, табиғатын сақтадық, екіншіден, төл дыбыстарымыз классикалық латын әліпбиіндегі әріптер қатарынан орын алды. Жалпы бұл дыбыстардың осылай таңбалануының халықаралық қолданыста кең таралған тәжірибелері бар.

 

Бір таңба – екі дыбыс

I (і) – негізгі латын әліпбиінің тоғызыншы әрпі. Түрік, әзірбайжан, қырым-татар тілдерінің әліпбиінде қолданылады. Бұл таңбаның тарихына үңілер болсақ, әу баста ол нүктесіз қолданылған. Кейіннен мәтіндегі сөздердің айырым белгісі ретінде I таңбасының үстіне нүкте қойылып жазылатын болған. Осылайша, I және i таңбалары әуелде бір әріптің графикалық таңбалары болған. 1928 жылы Түркияда ескі араб жазуының орнына латын таңбасы енгізілді. Бұл әліпбиде алғаш рет I және i таңбалары қатар алынды. Мысалы: yıldırım (найзағай), altın (алтын), hakkında (туралы). Бұл елдердің әліпбиінде нүктесіз I таңбасы и дыбысын беретін нүктелі İ таңбасымен қатар қолданылады. Ұсынылған әліпбиде қазақ тілінінің төл дыбысы і латын әліпбиіндегі і дыбысымен таңбаланады. Кирилл әліпбиіндегі қазақ жазуымен сәйкес келетіндіктен, бұл таңбаға көздағды мен қолдағды әлдеқашан қалыптасты.

Бұл әліпби нұсқасында и және й дыбыстары I’ і’ әріптерімен таңбаланды. И және й дыбыстарын I’ і’ әріптерімен таңбалау әлемдік тәжірибеде бар. Кірме сөздердегі и дыбысы түпнұсқа күйінде жазылатын болады. Мысалы: і’nternet, і’ntellekt, і’spandyq, emі’grant.

Қазақ тіліне кирилл әліпбиінің, болмаса араб жазуының ықпалымен енген кірме дауыссыз дыбыстар бар. Солардың бірі – араб тектес һ дыбысы. Қазақ тілінде құрамында һ дыбысы бар қаһарман, гауһар, жауһар, жиһанкез, жаһан, жиһаз, қаһар, мәшһүр, шаһар, айдаһар сынды кірме сөздердің құрамында кездеседі. Басқа жағдайларда бұл әріптің орнына х таңбасы қолданылып жүр. Бұл әліпби нұсқасында қазақ тіліне әбден сіңісіп, жымдасып кеткен кірме х дыбысы мен һ дыбысы Hh таңбасымен берілді. Араб-парсы тектес бұл дыбыстардың дыбысталу айтылымы ұқсас х – һ дауыссыз дыбыстары қазіргі кезде тілімізде бірдей дыбысталып жүр. Мысалы, Гауһар деп жазудың орнына Гаухар деп жазу жиі кездеседі. Сондай-ақ, тілімізде һ дыбысын х әрпімен таңбалау жиі кездеседі. Сол себепті х дыбысы мен һ дыбысына бір Hh таңбасы берілді.

Ұсынылған мемлекеттік тілдің бірыңғай стандартты әліпбиі өзінің құрылымы және жүйелілігі жағынан қазақ тілінің барлық дыбыстарын бере алады. Ол тұрғындардың қабылдау бейіміне икемделгендіктен, оны игеру де оңай болады.

Перейти в архив новостей
РАЗРАБОТКА WEB САЙТОВ
БЫСТРО - КАЧЕСТВЕННО - КРАСИВО
полный комплекс услуг
от создания до сопровождения сайта
опыт работы в IT области 12 лет

дизайн и редизайн сайтов -
программирование -
сбор информации тексты, фото -
обучение по работе с сайтом -
круглосуточная техподдержка -
установка серверного оборудования-
и настройка UNIX серверов-

ПОЛИГРАФИЯ
офсет и цифровая печать
собственное оборудование
лояльные цены

дизайн полиграфии -
гербовые бланки -
полноцветная печать -
изготовление офсетных форм -
фотовывод -
сбор информации тексты, фото -

СЪЕМКА ВИДЕО ФИЛЬМОВ
презентационные
документальные
экология - природа
фильм-портрет руководителя
фильм-портрет коллектива
выезд на место съемки по РК

сценарий -
озвучивание -
выезд журналиста -
динамичная съемка -
съемка с системой стабилизации -
постобработка и цветокоррекция -

ФОТОСЪЕМКА
аппараты профессионального уровня
различные объективы NIKON
портретная, пейзажная съемка

фото в RAW и JPG ,300 dpi на дюйм
цветокоррекция и ретуширование

РАЗРАБОТКА CD/DVD ВИЗИТОК
разработка презентации -
дизайн и flash анимация -
музыкальное сопровождение -
печать на поверхности диска -
упаковка дисков и полиграфия -

8 (7162) 401234, 322209
8 (701) 566 7162
itexpertkz@gmail.com